Алматы облысында екі қабатты монша өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Фото: ТЖМ

Алматы облысында орналасқан екі қабатты монша кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, екінші қабаттағы бу бөлмесі мен төбе жабындысының жанғанын анықтады.

«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 45 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңызды екенін еске салады