Алматыда «түнгі қарақшылардың» шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар жалғыз жүргендерге шабуыл жасап отырған

Фото: istockphoto.com

Алматыда екі адам түнгі уақытта қарақшылық жасап, жалғыз өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның хабарлауынша, оларды соққыға жығумен қорқытып, құнды заттарын – негізінен гаджеттерін тартып алып отырған.

«Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер есептеліп, ұсталды. Олар – басқа қаладан келгендер. Тергеудің осы кезеңінде олардың екі жағдайда тонауға және үш жағдайда біреудің мүлкін ұрлауға қатысы бар екені анықталды. Қаскүнемдер қамауға алынды», - деді Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Батуржан Абдумасаров.

Тергеу мүдделері үшін қосымша ақпарат таратылмайды.