Елордалық бойжеткен дәмханада жас жігітпен танысамын деп қымбат телефонын ұрлатып алды
Оқиға таңертеңгі уақытта болған
Астанада бойжеткен дәмханада жас жігітпен танысамын деп «Iphone 14» ұялы телефонынан айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, ұрлық таңғы уақытта болған, арызданушы дәмханада жас жігітпен танысып, бірге дәмдес болып, кейін пәтер жалдаған. Таңертең оянса жігіт те жоқ, «Iphone»-ны да жоқ.
Арызданушының ұйықтап жатқанын білген азамат оның ұялы телефонын ұрлап, еш қиындықсыз кетіп қалған.
Қала тұрғыны ұйқысынан оянғаннан кейін «Iphone 14» ұялы телефоны ұрланғанын біліп, полицияға шағымданады.
«Нұра ауданы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында қылмысқа 20 жастағы жас жігіттің қатысты екенін анықтады.
Күдіктінің ұялы телефонды ломбардқа тапсырып жібергені мәлім болды. Осылайша, жәбірленушіні 500 мың теңгеден аса шығынға әкелді.
Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылды. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.