$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда мас адамдардың есін жидыруға арналған айықтырғыштарда орын жеткіліксіз - полиция

Қала ішімдік ішу көрсеткіші бойынша екінші орында тұр

Қостанайда мас адамдардың есін жидыруға арналған айықтырғыштарда орын жеткіліксіз - полиция
Фото: depositphotos.com

Қостанайда уақытша бейімделу және детоксикация орталығына тәулігіне шамамен 50 адам жеткізіледі. Ал бұл орталықтың сыйымдылығы бар болғаны 25 адамға арналған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Наша газета сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюктің айтуынша, өңірдегі айықтырғыштың сыйымдылығы кемінде 100 төсек-орынды қамтуы керек.

Бұл қорытынды полицияның статистикалық мәліметтеріне негізделген. Келтірілген деректерге сүйенсек, Қостанай облысы тұрғындарының ішімдік ішу көрсеткіші бойынша Қазақстанда Ақтөбе облысынан кейін екінші орында тұр. 2024 жылдың басынан бері уақытша бейімделу және детоксикация орталықтарына 20,5 мың адам жеткізілген. Салыстыру үшін, 2023 жылы бұл көрсеткіш 11 725 адам болған.

«Денсаулық сақтау басқармасымен бірге Қостанайдағы қолданыстағы айықтырғышты кеңейту мәселесі қарастырылуда. Осы айда Тобыл қаласында 10 төсек-орындық детоксикация орталығы ашылды. Қажет болған жағдайда оның сыйымдылығы ұлғайтылуы мүмкін. Жалпы, әр аудан мен қалада медициналық айықтырғыштар қажет.», – деді Алексей Милюк.

 

Серіктес жаңалықтары