Астанада көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші қамауға алынды
Полицейлер жалған нөмірлі көлікті анықтады

Астанада жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі қолға түсіп, сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде белгіленген стандартқа сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірі бар «Nissan» автокөлігін тоқтатты.
«Тексеру кезінде жүргізуші кейін пайдалану үшін баспаханада мемлекеттік нөмірдің көшірмесін өз бетінше жасап алғанын айтты. Сонымен қатар, көлігін жүргізу куәлігінсіз басқарғаны белгілі болды.
Сот шешімімен жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлікті жүргізгені үшін қамауға алынып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.