$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Біз біргеміз» қорының «AMANAT» партиясына қатысы жоқ – Елнұр Бейсенбаев (ВИДЕО)

Депутат осы оқиғадан кейін қайырымдылық қорларға тыйым салудың қажеті жоқ дейді

«Біз біргеміз» қорының «AMANAT» партиясына қатысы жоқ – Елнұр Бейсенбаев (ВИДЕО)
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс кулуарында «Біз біргеміз» қайырымдылық қорына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тергеу аяқталғанын күту керек. Сома да қомақты. Әрбір қайырымдылық қорының басшысы халықтан келген әрбір теңге үшін жауапты екенін білуі керек. «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының «AMANAT» партиясына қатысы жоқ. Қордағы қамқоршылар жас волонтер болды. Бұл үш жыл бұрын болған оқиға. Қазір олар белгілі бір жетістікке жетіп, партия құрамына кірді, лауазымдарға ие болды. Ол кездегі жас балаларды волонтер, белсенді азаматтар ретінде білемін. Пандемия кезінде біз 600 мың азаматқа көмектестік», - дейді ол.

Бейсенбаев атағандай, бұл оқиғаға қарамастан, Қазақстанда қайырымдылық қорларына тыйым салудың қажеті жоқ.

«Бірақ олардың ашық әрі әділ жұмыс істеуінқамтамасыз етуіміз керек. Бұл  саяси мәдениетте ақшаның тазалығын қалыптастырады. Әрине, халықтың аңқаулығын пайдаланып кететіндер жоқ емес. Бұл осы қорға қатысты ғана мәселе емес. Ондайлар көп. Бәрін тексеріп, ретке келтіру керек. Өзім қайырымдылық қорларына көмектесіп тұрамын. Бірақ «Біз біргеміз» қорына ақша жіберген жоқпын. Су тасқыны кезінде біз партияның атынан көмектестік», - дейді депутат.

Еске салсақ, «Біз біргеміз» қорының жетекішісі Перизат Қайрат өткен аптада 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары