Мақтааралдық кәсіпкер гуманитарлық көмек бергендерге қырыққабат таратып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Облыстық кәсіпкер гуманитарлық көмек бергендерге 600 тонна қырыққабатты тегін үлестірді

Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында бүгінгі күнге дейін 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталды. Оның басым бөлігі азық-түлік, гигиеналық, медициналық, тұрмыстық-техникалық, құрылыс заттары және киім-кешектер, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Еліміздің барлық өңірлерінен келіп жатқан көмекке алғыс қайтару мақсатында аудан әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, мақтааралдықтарға қиын тұста көмек қолын созған азаматтарға алғыспен жауап қату – азаматтық парыз. Жеке кәсіпкер Қанат Маратұлы 600 тонна қырыққабатты гуманитарлық көмекті тиеп алып келген өңірлердің жүк көліктеріне тегін таратуда», - делінген хабарлмада.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда эвакуациялық пункттерде орналасқан азық-түліктің 218 тоннасы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға таратылған.