$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында алимент төлемеген борышкерлер жауапқа тартылды

Олардың бірінің қарызы 2 млн теңгеден асып кеткен

Жамбыл облысында алимент төлемеген борышкерлер жауапқа тартылды
Фото: © istockphoto.com

Жамбыл облысында алимент төлемеген екі азаматқа қатысты сот шешімі шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Талас аудандық сотында алимент төлемеген азаматқа қатысты іс қаралды. 2018 жылы Астана қаласының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен азамат Ж.-дан кәмелетке толмаған баласын асырауға алимент өндіріп алу туралы шешім шығарылған. Алайда борышкер алимент төлеуден жалтарып, 2024 жылдың қазан айына дейін қарызы 2 млн теңгеден асып кеткен.

Сот отырысында борышкер өз кінәсін мойындап, тұрақты жұмысының жоқтығын айтты және қарызын өтеу үшін жұмысқа орналасатынын жеткізді. Сот шешімімен оған 2 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Жамбыл аудандық сотында алимент төлемеген тағы бір азаматқа қатысты іс қаралды. Ол үш баласын асырауға арналған алиментті ұзақ уақыт төлемеген. Нәтижесінде оның қарызы 1 млн теңгеден асқан.

Сот барысында борышкер кінәсін толық мойындап, ай сайын алимент төлеуге міндеттенетінін мәлімдеді. Сот шешімімен ол да 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Екі борышкерге қатысты сот шешімдері заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары