16.11.2024, 23:29
Жаңалықтар
Қазақстандық боксшы Иван Дычко рингке қайта оралады
Ол ресейлік Виталий Кудуховпен жұдырықтасатын болады
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко 27 желтоқсан күні Алматыда рингке қайта оралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Алдағы жекпе-жекті «All Stars Boxing» промоутерлік компаниясы жариялады.
Иванның қарсыласы – ресейлік Виталий Кудухов (7-2-0, 3КО). Ол ауыр салмақта «Короли Нокаутов Трофи» бүкілресейлік Гран-при жеңімпазы атанып, әлемнің ТОП-150 ауыр салмақ боксшыларының қатарына енген.
Иван Дычко (14-0-0, 13КО) соңғы рет биыл тамыз айында АҚШ-та рингке шығып, америкалық боксшы Крейг Льюисті (15-8-1, 8КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 10:08
«Қызы тастап кеткен бе?»: Атырауда бозбала түнде шу шығарып, ағаштарды сындырды (ВИДЕО)
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды