16.11.2024, 20:44
Жаңалықтар
Парижде мейрамхана қызметкерлерін кепілге алған ер адам ұсталды
Күдікті мейрамхана иесінің ұлы болып шыққан
Фото: © РИА Новости / Жюльен Маттиа
Францияның Исси-ле-Мулино қаласында мейрамхана қызметкерлерін кепілге алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.
«Кепілдегілер босатылды, ал қаскөй құрықталды», – делінген хабарламада.
Оқиға сенбі күні күндіз Париждің шет ауданында болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ер адам мейрамхана ішінде мекеме оның қызметкерлерін кепілге алған.
Figaro газетінің дерегіне сүйенсек, күдікті – аталған мейрамхана иесінің ұлы. Ол қолында пышағы бар екенін айтып, 3-4 қызметкерді ұстап отырған және суицид жасауға оқталмақ болған.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Күдікті туралы қосымша ақпарат жарияланбады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)