16 жастағы қыз ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды
Алматы облысының Есік қаласында 18 жастағы жүргізуші төрт жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы 14 қарашада Есік қаласында тіркелді. Апат салдарынан 16 жастағы қыз ауыр жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, ол 15 қараша күні таңертең алған жарақаттарынан көз жұмды.
«Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жазылған хабарламада.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.