Полиция қылмыстық іс қозғады
Павлолар облысында ер адам жасөспірім жастағы өгей қызын зорлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде Майқайыңда өгей әкесі 9-сынып оқитын қызын зорлағаны туралы ақпарат тарады. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.
«Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – деді полиция өкілдері.