$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда көпқабатты үйдің ауласында тұрған көліктердің үстіне шіріген ағаш құлап кетті

Сот кінәлі тұлғаларды анықтап, жауапкершілікті тағайындайды

Алматыда көпқабатты үйдің ауласында тұрған көліктердің үстіне шіріген ағаш құлап кетті
Фото: depositphotos.com

Алматыда көпқабатты үйдің ауласында тұрған көліктердің үстіне шіріген ағаш құлап кетті. Үш бірдей машина бүлінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

 Оқыс оқиға түскі уақытта болды. Ойда-жоқта тұрақта тұрған көліктері бүлінген жүргізушілер құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Олар ағашты кесу арқылы көліктердің үстінен түсірді. Абырой болғанда бұл оқиғадан тұрғындар зардап шеккен жоқ. Қазір көпқабатты үйдің ауласында қираған көліктердің біреуі ғана тұр. Ал кесілген ағаш пен оның бұталары әлі де жатыр. Бұл аудандағы ағаштарды кесу жұмыстары мемлекеттік сатып алу негізінде жеке мердігерге тапсырылған. Бірақ құлаған тал апаттық ағаштар тізіміне енбепті. Енді көлігі бүлінген азаматтар келген шығынды өндіру үшін сотқа шағымдануы керек дейді шенеуніктер.

 «Автокөліктерге келтірілген шығынды өтеу үшін көлік иелеріне сот органдарына жүгіну ұсынылады. Сот кінәлі тұлғаларды анықтап, жауапкершілікті тағайындайды. Егер сот шешімі зардап шеккен тараптың пайдасына шықса, мемлекеттік органдар туындаған шығынды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті», - деді Әуезов ауданы әкімдігі көріктендіру бөлімінің бас маман Зәуре Қалпенова.
 

Серіктес жаңалықтары