$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Энергетика министрлігі Екібастұз жылу орталығындағы апатқа байланысты түсініктеме берді

Апат себебін анықтау мақсатында арнайы ұйым тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр

Энергетика министрлігі Екібастұз жылу орталығындағы апатқа байланысты түсініктеме берді
Фото: Primeminister.kz

Болат Нұржанов атындағы Екібастұз №1 мемлекеттік аймақтық электр стансасындағы № 3 энергия блогы кенеттен тоқтатылды. Оған кәсіпорын мұржасындағы ақау себеп болған. Жылу орталығындағы апатқа байланысты Энергетика министрлігі түсініктее берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-не тиесілі №1 мұржаның оқпаны бойындағы қарау люктерінен түтін газдарының қысқа мерзімді шығуы болған. Себебін анықтау мақсатында арнайы ұйым тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін еліміздің өзге электр стансаларында өндірісті алдын ала ұлғайту ұйымдастырылды. Аталған жағдай тұтынушыларды электрмен және жылумен жабдықтауға еш әсерін тигізбейді», - делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары