Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Ақтөбе облысы Мәртөк ауылында 73 жастағы әйелдің денесін табылды. Ол ішкі ағзасындағы жарақаттардың себебінен көз жұмған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті «Мой город» порталының жазуынша, оқиға 14 қарашада орын алған. Күдікті ретінде марқұмның 48 жастағы қызы ұсталды. Белгілі болғандай, бірге ішімдік ішіп отырған анасы мен қызы арасында жанжал туындаған.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
ҚР ҚК-нің 106-бабы, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.