15.11.2024, 20:18
Жаңалықтар
Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады
Көрмеде сан түрлі өнімдер мен жобалар ұсынылған
Фото: t.me/aqorda_resmi
Президент ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған
Мемлекет басшысына егін және мал шаруашылықтарындағы, басқа да маңызды бағыттардағы инновациялық шешімдер мен жетістіктер таныстырылды.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам адам жиналды. Іс-шараға агрохолдингтердің өкілдері, фермерлер, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен инвесторлар қатысты.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды