Синоптиктер болжамы жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері 16-18 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның солтүстік жартысында тұрақсыз ауа райы болатыны болжанып отыр.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның батысына, солтүстік-батысына және солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты: елдің батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары, ал солтүстік-батысында және солтүстігінде боранмен қар жаууы деп күтіледі.
«Республиканың қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман және жел 15-25 м/с күшеюі күтіледі.
Қазақстанның батысында температуралық фон күндіз 2-10 градус жылуды, солтүстік-батысында 5 аяз-5 градус жылуды, солтүстігінде, шығысында және орталығында 5 аяз-2 градус жылуды, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 5-15 градус жылуды құрайды», - делінген синоптиктер болжамында.