15.11.2024, 09:11
Жаңалықтар
230 мың долларды қолды еткен: Қазақстан азаматы Грекияда қолға түсті
Ол бухгалтер болып жүргенінде қомақты қаражат ұрлаған
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Грекиядағы Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуде жүрген алаяқты ұстады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, күдікті 2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.
«Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды