«Қылмысты жасырып қалған»: Ақмола облысында полиция қызметкерлері жауапқа тартылды
Мұндай деректі Ақмола облысының прокуратурасы анықтады
Ақмола облысы Ерейментау ауданының полиция қызметкерлері қылмысты ашудың орнына, оны тіркемей, жасырып қалған. Мұндай деректі Ақмола облысының прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атап айтқанда, жеке кәсіпкердің дүкенінен тауарлы-материалдық құндылықтарды ұрлау фактісі бойынша полицияға хабарласып, арыз түсірген, алайда полиция қызметкерлері бұл қылмысты ұзақ уақыт бойы тіркеуден жасырып, оны ашуға ешқандай шара қолданбаған», - делінген хабарламада.
Аудан прокуратурасы қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу жөнінде полицияға тапсырма берді. Нәтижесінде күдікті тұлғалар ұсталып, іс сотқа жолданды. Полиция бөлімінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.