$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да 90-нан астам жер телімі орынсыз пайдаланып келген – прокуратура

Мақсатсыз пайдаланып жатқан жер телімдері қайтарылады

БҚО-да 90-нан астам жер телімі орынсыз пайдаланып келген – прокуратура
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында шаруа қожалықтарының 90-нан астам жер телімін орынсыз пайдаланып жатқаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, шаруа қожалығы 4 жылдан астам ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге берілген жер телімін игермеген.

Заңнаманы бұзу фактілері және оларды жою бойынша шараларды қабылдау мақсатында прокуратура аудан әкімдігіне тиісті ұсыну енгізді.

«Қадағалау актісіне сәйкес жалпы ауданы 1388 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы 13,9 млн теңгеге 4 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сол сияқты Жаңақала аудандық прокуратурасының қадағалау актісіне сәйкес, жалпы ауданы 8 мың га, кадастрлық құны 22 млн теңгеден асатын, мақсаты бойынша пайдаланылмаған 5 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Қазіргі уақытта пайдаланбаған немесе мақсатсыз пайдаланып жатқан жер телімдерін қайтару жұмыстары жалғасуда.

Осыған байланысты прокуратура пайдаланылмай жатқан барлық жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, өз мақсатына пайдалана алатын азаматтарға беру керектігін еске салады», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары