Ақтөбе облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші қарсы беттегі көлікке соқтығысты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға кеше кешкі уақытта болған

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 13 қараша күні сағат 20:45 шамасында Ақжар-2 тұрғын алабында болған.

«Lada Granta жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, қарсы жолақпен келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, екі көліктің де жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - дейді патрульдік полиция батальонының командирі Айбар Меңдібайұлы.