$ 493.85  519.04  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында 80-нен астам адамды алдап, 337 млн теңгесін қолды еткен күдікті ұсталды

Сол сияқты жиһаз жасау туралы жалған хабар таратқан адам қолға түсті

Түркістан облысында 80-нен астам адамды алдап, 337 млн теңгесін қолды еткен күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында полиция 80-нен астам адамды алдап, 337 миллион теңгесін қағып кеткен күдіктіні ұстады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының «Киберпол» арнайы тобының қызметкерлері облыс аумағында интернет алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 34 жастағы ер адамды ұстады. Аталмыш күдікті жәбірленушілерге ақшаңызды көбейтіп беремін деп сенімдеріне кіріп, онлайн-несие рәсімдеген. Алаяқтық жолмен тапқан қаражатты жеке басының пайдасына жаратқан.

Тексеру кезінде күдіктінің жалпы 87 жайтқа қатыстылығы дәлелденді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 337 миллион теңгеден асты. Күдікті қамауға алынды.

Сонымен қатар интернет алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 22 жастағы жас жігіт анықталды. Оны облыс полицейлері Алматы қаласынан ұстады. Күдікті әлеуметтік желіде жиһаз құрастыру бойынша жалған парақшалар ашып, жәбірленушілердің тапсырысын қабылдап, ақшаларын иемденіп отырғаны белгілі болды.

Күдіктінің Түркістан облысы көлемінде 4 қылмыстық іске, ал республика бойынша 18 іске қатыстылығы анықталып отыр. Тергеу жалғасуда.

Айта кетсек, бұл қылмыстар «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші тәулігінде анықталды.

Жалпы іс-шараның алғашқы тәулігінде Түркістан облысының полицейлері жоғарыдағы қылмыстардан бөлек, бұрын тіркелген 5 қылмысты ашты. 18 дана контрафактілік өнімдер тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары