$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Есірткінің аналогтарын сақтаған: Түркияда екі жыл жасырынған Қазақстан азаматы экстрадицияланды

Ол 2022 жылдан бері жасырынып жүрген

Есірткінің аналогтарын сақтаған: Түркияда екі жыл жасырынған Қазақстан азаматы экстрадицияланды
Фото: Видеодан скриншот

Түркиядан аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада 2022 жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшықша аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі.

Бұл іс-шараны ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асырды.

Ведомство мәліметінше, қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен. Осыған байланысты күдіктіге қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

«Биыл қазан айында күдікті Анталья қаласында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары