14.11.2024, 06:48
Жаңалықтар
Ақтөбеде жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды
Екі жүргізуші ауруханаға түсті
Фото: istockphoto.com
Ақтөбеде жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, жол апаты Ақтөбе қаласы Ақжар-2 елді мекенінде болды. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.
«13 қараша күні сағат 20:45 шамасында Ақтөбе қаласы Ақжар-2 елді мекені тұсында Лада Гранта маркалы көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Әрі қарай көлік бағытын өзгертіп, қарсы бетке шығып кетті. Сол кезде Лада Приора көлігімен соқтығысты. Екі жүргізуші ауруханаға түсті», - деді Ақтөбе облыстық ПД Патрульдік полиция командирі Айбар Меңдібайұлы.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы