$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ірі супермаркеттің есепшісіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Ол әйелді тапаншамен қорқытып, ақша талап еткен

Алматыда ірі супермаркеттің есепшісіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Алматыда ірі супермаркеттің есепшісіне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, қылмыс таңертең Алматының Алмалы ауданында орын алған. Тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреу әйелді тапаншамен қорқытып, одан ақша талап еткен. Сөйтіп, ол әйелдің 400 мың теңгесін қолды қылған.

«Қаскөй өзінің бетін шарфпен жапқан. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен, ал әйел полицияға өзіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Тергеу-жедел тобы құрылып, жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Түске таман 39 жастағы күдікті ұсталды. Арнайы іс-шара қала орталығында, Абылай хан даңғылының бойында жүргізілді. Қаскөйдің шабуылды жоспарлағаны және үлкен пайдаға үміттенгендігі белгілі болды. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Газ тапаншасы тәркіленді», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Серіктес жаңалықтары