13.11.2024, 11:09
Жаңалықтар
Танысы жоқ талант: жүк тасушы болып жұмыс істейтін ер адамның өнері жұртты сүйсінтті
Оның пианинода ойнаған видеосы жарияланды
Фото: Видеодан скриншот
Вокзал ғимаратында пианинода ойнаған ер адамның әрекеті жұртты қайран қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бақтияр есімді ер адамның өнері Facebook желісінде жарияланды. Онда ол адамның «Алматы-2» теміржол вокзалында жүк тасушы болып жұмыс істейтіні айтылған.
«Бала күнімде музыка мектебін бітіргенмін», - дейді жұртты өнерімен қайран қалдырған ер адам.
Видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Бақтияр бауырым әлі кеш емес, сен мынадай дарыныңмен әлі шабасың», «Қор болған талант, фонограммамен айтатын шегірткелерді құрту керек», «Өмірің өтті-ау қор болып», «Қор болған өнер-ай, танылмаған талант-ай, қолдаушы болса ғой», - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген