$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында кальян шеккендерге 1 млн теңге айыппұл салынды

Өткен демалыс күндері тәртіп сақшылары мекемелерді аралап шықты

Павлодар облысында полиция қызметкерлері кальян шеккендерге айыппұл салды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары өткен демалыс күндері кальян қолдануға қатысты заң бұзушылықтардың 15 фактісін анықтады. Мысалы Павлодар қаласының Ломов көшесінде орналасқан «Ботаник» мекемесінде келушіге темекі қоспасы бар кальян ұсынылып, оны арнайы темекі жылытқышымен тұтату әрекеті жасалған.

Сонымен қатар Екібастұз қаласындағы «Kam kalliano», «Haze» және «Kам House» мекемелерінде де келушілерге кальян қоспалары ұсынылғаны белгілі болды. Павлодар облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығы Қуаныш Мұстафиновтың айтуынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекі өнімдерін, кальянға арналған қоспаларды, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салу талаптарын бұзған тұлғалар жауапқа тартылған.

Әрбір бұзушыға 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынса, 8 ойын-сауық мекемесінің әкімшілері 20 АЕК көлемінде айыппұлмен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері облыста қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен электрондық темекіні заңсыз тұтынғаны үшін 33 құқық бұзушы жауапқа тартылғаны атап өтілді.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер ойын-сауық мекемелері мен компьютерлік клубтарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүйелі тексерістер өткізді. Нәтижесінде, бұл шаралар аясында 6 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 203 ұсақ бұзақылық фактісі тіркелді. Алкогольді ішімдіктер ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 600-ден астам азамат та жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары