$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс Қазақстанда шекарадан есірткі алып өтпек болған екі адам сотталды

Олардың әрқайсысына мүлкі тәркіленбестен 200 АЕК мөлшерінде 738 400 теңге айыппұл кесілді

Батыс Қазақстанда шекарадан есірткі алып өтпек болған екі адам сотталды
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық сотында есірткі тасымалдаған екі азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған екі адам «Ақсай» бақылау-өткізу бекетінде шекарашылардың бақылауынан өту кезінде ұсталған. Оларды тексергенде есірткі заттары табылды. 

«Сот үкімімен Я. және Б. ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 286-бабы 1-бөлігі, 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны және контрабандаға оқталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені (оларға байланысты емес мән-жайлар бойынша әрекет соңына дейін жеткізілмеген) үшін кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына мүлкі тәркіленбестен 200 АЕК мөлшерінде 738 400 теңге айыппұл кесілді. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылардың жеке басын, тұрақты жұмыс орны, айыппұл төлеуге мүмкіндіктері, оң мінездемелері бар екендігін, жауаптылықты жеңілдететін, ауырлататын мән-жайларды ескерді», - делінген сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары