$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Батыс Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтардың құқығы бұзылған

Бұзушылыққа жол бергені үшін «Облыстық онкологиялық диспансер» КМК-ның бөлімше меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Батыс Қазақстанда онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтардың құқығы бұзылған
Фото: depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтардың құқығы бұзылғаны анықталды. Бұл туралы БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, аталған мәселеге қатысты талдау жүргізілген.

Нәтижесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу қағидаларының бұзылғаны анықталды.

«Атап айтқанда, медицина ұйымдары паллиативтік көмек алатын онкологиялық аурумен сырқаттанатын адамдарды мүгедектік тобын анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Қазіргі кезде прокурорлық қадағалау актісі бойынша шаралар алынып, медицина ұйымдары 7 азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін материал әзірлеуде. Бұзушылыққа жол бергені үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық онкологиялық диспансер» КМК-ның бөлімше меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары