Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде елімізде шамамен 190 ілбіс бар

Бейнеден кадр

Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Экология министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгінде елімізде шамамен 190 ілбіс бар.

 «Сирек кездесетін жыртқышты Аршаты орманшылығында орнатылған фототұзаққа түсіріп алған. Бұл жануар түрі күш пен еркіндіктің символы — парктің нағыз мақтанышы. Әрбір осындай кадр Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің жануарларды қорғаудағы маңыздылығын еске салады», - делінген министрлік хабарламасында.