Павлодардағы алюминий зауытының аумағынан өрт шықты
Өрттен зардап шеккендер жоқ
Павлодардағы алюминий зауытының аумағында орналасқан №1 жылу-энергия орталығында өрт шықты. Компания өкілдері оқиғаның ЖЭО жұмысына әсер етпейтінін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның PR-қызметі өрт оқиғасы «Альянс ПВ Строй» мердігер компаниясы электр стансасында бұзып жатқан градирняда болған деген хабар таратты
«Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы — «Электр станциясы» аумағында «Альянс ПВ Строй» мердігер ұйымы салқындатқыш мұнараны бөлшектеу жұмыстарын жауаптанған. Бөлшектеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, түске таман бұл аумақтан түтін шыққаны анықталды. Бұл туралы құзырлы цехтың инженер-технологы дереу хабарлады. Ақпарат станса ауысымының бастығына жеткізіліп, ол дереу мемлекеттік емес өртке қарсы және төтенше жағдайлар қызметіне қоңырау шалған. Жалынды қолданатын жұмыстар жүргізуге берілген рұқсат пен наряд тәркіленді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, - деп мәлімдеді «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның PR-қызметінен.
Компания өкілдері өрт № 1 ЖЭО-ның жұмысына әсер етпейді деп сендіріп отыр.