Алматы облысында 99 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Бұл шешім осы учаскенің мақсатты пайдаланылмауына байланысты қабылданған
Алматы облысында 99 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. АШМ ЖРБК Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті осындай шешімге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл шешім осы учаскенің мақсатты пайдаланылмауына байланысты қабылданған.
Тексеру барысында Іле ауданының аумағында жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін оның мақсатына сәйкес пайдаланбайтыны және оның орнына пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатыны анықталды.
Кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сотқа дейінгі реттеу процесінде ЖШС пайдаланылмаған жер учаскесін мемлекеттік жер қорына өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады.