Павлодар облысында ұрылар банкті тонау үшін қабырғасын бұзған

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға бүгін таңғы уақытта болған

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында ұрылар банкті тонау үшін қабырғасын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

«11 қарашада сағат 9.30-да полицияға банктердің бірінің филиалында қабырғаның бұзылғаны анықталды деген қоңырау түсті. Оқиға орнына Полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы келді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», - делінген хабарламада.