11.11.2024, 12:13
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша халқын құттықтады
Польшада Тәуелсіздік күні тойланып жатыр
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
