$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әртүрлі адамбыз»: әнші Бүркіт әйелінің істерін ұнатпайтынын айтты (ВИДЕО)

Ол екеуін Құдай қосқанын жеткізді

«Әртүрлі адамбыз»: әнші Бүркіт әйелінің істерін ұнатпайтынын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

 «Бүркіт» есімімен танымал әнші Айбек Сейітов «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында әйелі Айша екеуі әртүрлі екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз – өте әртүрлі адамбыз. Ол менің, мен оның істейтін істерімізді ұнатпаймыз. Мысалы, мен көліктерді жақсы көремін. Оны жақсы күтіп ұстағанды жақсы көремін. Оған бәрібір. Ол маған Үндістан жайлы айтады. Ол маған мүлдем қызық емес. Екі түрлі адамбыз, Құдай қосты енді. Ақша табуымыздың көзі бірдей. Ол анасымен Қарағандыға кеткенде, оның анасына көлік алып, дайындап қойдым. Ол оның да сыйлығы. Ақшаны бірге табамыз ғой деп. Бірақ ол келіспеді, өз атыңнан бер деді», - дейді Бүркіт.

Әнші айтқандай, әйелінің қарапайымдылығын жақсы көретінін айтты.

«Мен үйленгелі, барлық теріс әрекетімді жойдым. Дөрекі сөйлеу, қарапайым болу сынды біраз дүниеге келдім», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#шоу-бизнес #әнші