11.11.2024, 08:55
Жаңалықтар
Ақтауда аялдама жанында талып қалған жас жігітке куәгерлер шұғыл көмек көрсетті (ВИДЕО)
Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Ақтауда аялдама жанында жас жігіт талып қалған. Куәгерлер оған шұғыл көмек көрсетуге тырысқан. Белгілі болғандай, жігіттің эпилепсиясысы ұстап қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті Lada.kz басылымының жазуынша, оқиға 12 шағын аудандағы автобус аялдамасында болған. Әлеуметтік желілерде жүгіріп келе жатқан адамдар аялдамада кенеттен ұстамасы ұстаған жас жігітке алғашқы медициналық көмек көрсеткен бейне пайда болды.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл көмек станциясының баспасөз қызметінде 10 қараша күні түстен кейін 16 жастағы оқушының эпилепсия ұстамасы болғанын растады. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді.
Көп оқылған
12.06.2026, 15:37
«Топтасып зорлаған»: Жамбыл облысында ақыл-есінде кемістігі бар жасөспірім қыз босанды
12.06.2026, 16:36
«Әйелім есінен танып қалды»: Жамбыл облысының тұрғыны полиция қызметкерін жұмысына дейін іздеп барған (ВИДЕО)
12.06.2026, 23:10
Сағыз ауылының полициясы Қытай азаматының қомақты ақшасын бір сағатта тауып берген (ВИДЕО)
12.06.2026, 15:41
Түркістан облысында ұлына қымбат көлігін беріп, дүкенге жіберген әке полицияға ұсталып қалды