$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бірнеше облыста жол қайта ашылды - ҚазАвтоЖол

Кеше бірқатар жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелген болатын

Бірнеше облыста жол қайта ашылды - ҚазАвтоЖол
Фото: depositphotos.com

«ҚазАвтоЖол» ҰК бірнеше облыстағы жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2024 жылғы 11 қарашада сағат 07:00-де Солтүстік Қазақстан облысы бойынша келесі  автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды:

  • Мамлютка-Қостанай автожолының 0-180 шақырым аралығында (Мамлютка қ. - Қостанай облысының шекарасы)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 06:00-де Абай облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды:

  • Алматы-Өскемен автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасы - Қалбатау ауылы)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 06:00-де Жетісу облысы бойынша келесі  автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды:

  • Алматы-Өскемен автожолының 585-615 шақырым аралығында (Үшарал қаласы - Абай облысының шекарасы)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 07:00-де Қостанай облысы бойынша келесі  автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды:

  • Мамлютка-Қостанай автожолының 180-250 шақырым аралығында (СҚО шекарасы - Ұзынкөл ауылы)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 07:00-де Абай облысы бойынша келесі автомобиль жолында  көлік қозғалысы ашылды:

  • Омбы-Майқапшағай автожолының 587-906 шақырым аралығында (Павлодар облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 08:00-де Ақмола облысы бойынша келесі  автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды:

  • Екатеринбург-Алматы автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін)
Серіктес жаңалықтары