Жолды шамамен 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланып отыр
«ҚазАвтоЖол» Абай облысындағы республикалық маңызы бар тасжолда қозғалысқа шектеу енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«10 қараша сағат 16:30-дан бастап Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты Алматы — Өскемен тасжолының Таскескен ауылынан Қалбатау ауылына дейінгі бөлігінде жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі», — делінген хабарламада.
Жолды шамамен 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта автожолдарда 420 арнайы техника мен 645 қызметкер жұмылдырылған.