Бүгін еліміздің бір қаласында ғана ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге шаһарларда метеорологиялық жағдай қалыпты

Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің бір қаласында ғана ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2024 жылғы 10 қарашада Алматы қалаcында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.