Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар жол жабылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, сағат 20:00-ден бастап төмендегі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00–де Ақмола облысында республикалық маңызы бар Астана-Ерейментеу-Шідерті автожолының 16-200 шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00–де Павлодар облысында республикалық маңызы бар Астана-Ерейментеу-Шідерті автожолының 200-254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00–де Ақмола облысында республикалық маңызы бар РФ шекарасы (Екатеринбург) — Алматы автожолының 1292-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
Қарағанды облысында:
- РФ шекарасы (Екатеринбург) — Алматы автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- РФ шекарасы (Екатеринбург) — Алматы автожолының 1426-1446 шақырым аралығында (Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.