09.11.2024, 16:50
Жаңалықтар
Ауа райына байланысты Астана-Щучинск республикалық тасжолы жабылады
Көлік жүргізушілеріне бұл шектеуді ескеру ұсынылады
Фото: © istockphoto.com
Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың қозғалысына шектеу енгізілмек. Бұл туралы халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарды басқарумен айналысатын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 9 қараша күні сағат 19:00-де Акмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты Астана – Петропавл тасжолының 18-232 шақырымы (Астанадан Щучинскке дейін) аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізу жоспарланды», – делінген «ҚазАвтоЖолдың» Telegram-каналында жарияланған хабарламада.
Көлік жүргізушілеріне бұл шектеуді ескеру және жолда сақтық шараларын ұстану ұсынылады.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты