Димаш Құдайберген Тоқаевтың Францияға сапары аясында Елисей сарайында өткен өнер көрсеткен
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің жұбайы, топ-модель, композитор Карла Бруни-Саркози қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне таңданысын жасыра алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Димаш Құдайберген жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында Елисей сарайында өткен кеште өнер көрсеткен болатын. Отандасымыз бұл кеште әйгілі «SOS d’un terrien en détresse» әнін шырқаған болатын.
«Кеше кешкісін қазақтың тамаша әншісі Димаш Құдайбергеннің әнін тыңдау құрметіне ие болғаным үшін сондай бақыттымын. Кейбір ғажайып дауыстар бізді басқа бір әлемге, жұмаққа алып кеткендей әсер қалдырады.
Димаш Құдайберген, сіздің бар болғаныңыз үшін рақмет. Сіздің орасан зор талантыңыз үшін, абсолютті грацияңыз үшін, ерекше дауысыңыз үшін, қарапайымдылығыңыз бен мейірімділігіңіз үшін алғысым шексіз», - деп жазады Карла Бруни-Саркози.
Францияның экс-бірінші ханымының жылы лебізіне димаш Құдайберген жауап қайтарып, алғысын білдірді.
«Жылы-жылы сөздеріңіз үшін көп-көп рақмет. Мен сіздің еңбегіңізді жоғары бағалаймын. Сізбен кездесу мен үшін үлкен мәртебе болды», - деп жазды Димаш Құдайберген.