$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жасыл экономика: мамандар пойыз бен ұшақтың электрмен жүру мәселесін талқылады (ВИДЕО)

Олар 2027 жылдан бастап ИКАО стандарты бойынша жұмыс істейді

Жасыл экономика: мамандар пойыз бен ұшақтың электрмен жүру мәселесін талқылады (ВИДЕО)
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Алматыда Қазақстандағы ИКАО апталығы аясында ACI EUROPE «Green Airports» компаниясымен бірлесіп ICAO Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік семинары өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиында азаматтық академия ректоры Бекен Сейдахметов жасыл экономика саласының болашақтағы рөлі туралы пікір білдірді.

«Жасыл экономика» - қазір әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Конференцияға ИКАО, Еуропа одағының өкілі Николя Ралло қатысып жатыр. Сондықтан бұл тақырып өте маңызды. Қазақстанның авиациясына да қажетті дүниелер айтылып жатыр. Қазақстанда электромобильдердің саны көбейіп келеді. Германияда зерттеу институты бар. Ондағы зерттеу бойынша пойыз бен ұшақтың электрмен жүруіне қатысты мәселелер қарастырылып жатыр. ИКАО бағдарламасы аясында 2027 жылдан бастап барлық әуежай ондағы стандартқа сай болуы керек. Егер экологиялық қалдық деңгейін сақтамаса, айыппұл төлейді», - дейді азаматтық академия ректоры Бекен Сейдахметов.

Сейдахметовтің айтуынша, оның талаптарын елдің авиа мамандарына жеткізу міндеті тұр.

«Болашақта жасыл әуежайда ұшақтан басқа да көліктер қызмет етеді. Мысалы, жолаушылар мен жанармай тасиды. Ол техникалардың электрге көшуі де қарастырылады», - дейді ол.

Еске салсақ, іс-шараға Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ICAO Еуропалық және Солтүстік атлантикалық өңірлік бюросының директоры Николас Ралло, Еуропа әуежайлары халықаралық кеңесінің бас директоры Оливье Янковец, азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының, Қазақстан және Еуропа әуежайларының, авиакомпаниялардың өкілдері қатысқан.

ICAO «Green Airports» аймақтық семинары тұрақты авиациялық отынға (SAF) және басқа да таза энергия көздерін пайдалануға ерекше назар аудара отырып, көмірқышқыл газы аз әуежайларды дамытуға қатысты маңызды бағыттарды талқылауға мүмкіндік береді.

«Green Airports» семинары авиация саласының таза энергия көздеріне көшуіне, тұрақты инфрақұрылым құруға және энергия тұтынуды азайту үшін әуежайлардың операциялық қызметін оңтайландыруға байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған платформа болып саналады. Әуежайлардың өзгермелі климаттық жағдайларға бейімделуіне ерекше назар аударылды.

Серіктес жаңалықтары