«Біраз дүниені түсіндім»: Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікті ойландырып қойды
Ол марқұм күйеуі жайлы әсерлі видео жариялады
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екі жыл бұрын қайтыс болған күйеуі Қайрат Беркінбаевқа арнап Құран оқытқанын жазып, оның ерекше қасиеттері туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Instagram парақшасында марқұм күйеуі жайлы әсерлі естелік видео жариялады.
«Алланың алдында дәрменсіздігімізді мойындағанымыздың арқасында сынаққа сынбай, жер басып жүргендейміз.
Көңіліме қаяу түскелі – тура 2 жыл. Балаларымыздың алдында жылап, әлсіздігімді көрсете бермеймін, көрсеткім де келмейді… Бірақ осы уақытқа дейін іштей біраз дүниені түсіндім.
Бүгін Қайрекеме құран бағыштап, ниет етіп жатырмыз», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы
Айта кетейік, танымал кәсіпкер Қайрат Беркінбаев 2022 жылдың 6 қарашасында өмірден өткен болатын.