Ақтөбе облысында 60-қа жуық шетелдік мінген автобус бұзылып, жолда қалды (ВИДЕО)
Оқиға 7 қараша күні болды
Ақтөбе облысында 56 шетелдік мінген автобус бұзылып, жолда қалып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елімізде ауа райы күрт нашарлады. Салдарынан кеше түнде Ақтөбе облысында республикалық жолдар жабылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін полиция қызметкерлері жол қозғалысын реттеп, көлік жүргізушілеріне көмектесіп жатыр.
«7 қарашада Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңындағы Самара-Шымкент тасжолында Ресейден Тәжікстанға бағыт алған Van Hool рейстік автобус жолда тұрып қалды. Салонда 56 шетелдік жолаушы, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала болды.
Тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялап, кемпингке орналастырды. Медициналық көмекке мұқтаж адамдар болған жоқ.
Полиция қызметкерлері азаматтарды ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда барынша сақ болуға шақырады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.