Бұл өткен жылдан 12 адамға көп
Сенаттың жалпы отырысында жоғары сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова елімізде жауапқа тартылған судьялар жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бізде бұл мәселе бойынша статистика жүргізіледі. 2024 жылғы 9 айда сот ісін қарау барасында өрескел қате жібергені 21 судья жауапқа тартылды. Өткен жылдың осы кезеңінде 9 судья жауапқа тартылған. 9 айда бұл көрсеткіш екі жарым есе өсті. 1 қазаннан бастап жаңа тетік жұмыс істейді, біз осындай оқиғаларды талдаймыз», - дейді Сисенова.
Еске салсақ, Антикор пара алған өңірлердегі судьяларды ұстау фактісін жариялап тұрады. Мәселен, жақында Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды.