05.11.2024, 09:09
Жаңалықтар
Оралда қалалық соттың төрағасы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат тарады
Онымен бірге екі адвокат та ұсталғаны хабарланды
Фото: istockphoto.com
Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Уральские недели» Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш басылым сол сияқты екі адвокат ұсталғанын да жазды.
«1,5 миллион теңге көлеміндегі пара сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығару үшін арналған», - делінген материалда.
Жедел-тергеу іс-шараларын ҰҚК орталық аппаратының және Батыс Қазақстан облысындағы департаменттің қызметкерлері жүргізетіні айтылды.
Сот сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Жұмағұлов 2019 жылғы 31 желтоқсанда президент жарлығымен төраға қызметіне тағайындалған.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді