$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министрлік балалар шығармашылығын дамыту үшін қай елдермен қарым-қатынасын нығайтты?

Министрдің кездесулерінің арқасында Қазақстанның «Balapan», «Хабар 24», «Qazaqstan» телеарналарын Әзербайжан жерінде көрсету мәселесі қаралды

Министрлік балалар шығармашылығын дамыту үшін қай елдермен қарым-қатынасын нығайтты?
Фото: facebook.com/aqparatqogam/

Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздегі балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту үшін қай елдермен келіссөздер жүргізді?Azattyq Rýhy министр Аида Балаеваның шетелдік әріптестерімен кездесуіне тоқталып шықты.

Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Әзербайжан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің басшысы Хикмет Гаджиевтің кездесуінде балалар шығармашылығын дамыту мәселесі талқыланды.

Өз сөзінде Аида Балаева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанмен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтіп, бұл бағыттағы серіктестікті растайтын екі ел басшыларының тұрақты өзара сапарларын мысалға келтіріп өтті.

«Қазіргі уақытта екі елдің қарым-қатынасы барлық салада жоғары қарқынмен дамуда. Бұл, ең алдымен, тіл, дін, сондай-ақ әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің ұқсастығына негізделген ортақ мәдени мұра мен туыстық байланыстардың ықпалы арқасында мүмкін болып отыр», — деген еді Аида Балаева.

Бұл кездесуде тараптар Әзербайжанның кабельдік желілері бойынша Қазақстанның «Balapan», «Хабар 24», «Qazaqstan» телеарналарын көрсету, ал Қазақстан жерінде Әзербайжанның CBC TV арнасын тарату мәселелерін талқылаған болатын.

Аида Балаева басқаратын Мәдениет және ақпарат министрлігі балалар шығармашылығын дамыту бағытында бірнеше мемлекетпен мәдени байланыстарды күшейтті.

Өткен жылы министр халықаралық мәдени форумға қатысу мақсатында Ресейдің Санкт-Петербург қаласына іссапармен барып, көршілес елдің мәдениет министрімен арнайы кездесті. Жиында мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ресейлік әріптесімен кездесу барысында балалардың әлеуетін арттыру мақсатында олардың шығармашылығын дамыту, сол сияқты жастарға арналған орталықтар, мұражайлар ашу, кітапхана ісін дамыту және шығармашылық индустрия саласында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылап, өзара ұсыныстарын айтқан болатын.

Министр Аида Балаеваның осы бағытта атқарып жатқан шаруалары ары қарай да қарқынды түрде жүзеге асып, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын, әлеуетін арттыру мақсатында алыс-жақын елдермен мәдени қарым-қатынас орнату жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары