$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте алимент төлемей жүрген 22 адам сотталды

Олар бос жұмыс орындарына орналасудан да бас тартқан

Шымкентте алимент төлемей жүрген 22 адам сотталды
Фото: freepik.com

Шымкентте алимент төлеуден жалтарған 22 адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған 22 борышкер қылмыстық жазаға тартылды.

Олардың барлығы бұдан бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылғанына қарамастан, шарасыздық танытып, халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос жұмыс орындарына орналасудан бас тартқан.

«Сот борышкерлерді ҚК-нің 139-бабымен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бойынша оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.

Биыл алимент төлемегені үшін 145 борышкер 5 күнге дейін әкімшілік қамаққа және 78 борышкер айыппұл төлеу туралы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Жыл басынан алимент өндіру үшін заңда қарастырылған атқарушылық әрекеттерін жүзеге асырмаған 70 астам сот орындаушысы прокурорлық актілер негізінде тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді», - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары