«Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын»: сахнаға Rаim-мен шыққан Ерке Есмахан көрерменді күлдірді

Автор: Аягөз Құрмаш

Әнші Ерке Есмахан сахнада сөзден шатасты

Фото: видеодан скриншот

Алматыда әнші Rаim-ның ауқымды жеке концерті өтті. Онда Ерке Есмахан сахнаға шығып, жолдасымен бірге ән шырқады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сен маған ұл сыйласаң... Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын. Бұйырса, тағы да сыйлаймын», - деді Есмахан.

Оның сөзден шатасқанына залда отырған көрермен ду күлді. Кейін Райымбек Бақытгереев концерт екі сағат болатынын айтты.

«Жүрек, үйге барып тамақ істеп қойшы, мен екі сағаттан соң барамыын», - деді ол.